Теннис: Голубев Италиядағы жарыстың финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италиядағы Триесте челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Голубев Италиядағы жарыстың финалына шықты

А.Голубев уругвайлық Ариэл Бехармен бірге жартылай финалда германиялықтар Янник Ханфманн және Максимилиан Мартерермен күш сынасты.

Қазақстандық-уругвайлық жұп 7:5, 1:6, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 32 минутқа созылды.

А.Голубев пен А.Бехар 29 тамыз күні өтетін финалда франциялықтар Хьюго Гастон мен Тристан Ламазинмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубевтің Италиядағы турнирдің, ал Д.Попконың Прага жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.