20:26, 26 Шілде 2019 | GMT +5
Теннис: Голубев пен Недовесов Прага турнирінің финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Прага челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп жартылай финалда германиялық Андре Бегеманн мен румыниялық Флорин Мерджамен күш сынасты.
Голубев пен Недовесов 1 сағат 7 минутқа созылған матчта қарсыластарын 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандықтар финалда франциялық Том Жомби мен бразилиялық Фелипе Мелихени Родригес Альвес немесе уругвайлық Ариэль Бехар мен эквадорлық Гонсало Эскобар жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубев пен А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан жарысында жеңімпаз атанғанын, Елена Рыбакинаның Юрмала турнирінің ширек финалына шыға алмағаны н жазған болатынбыз.
h