Теннис: Голубев пен Недовесов Прага турнирінің финалында ұтылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Прага челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандық жұп финалда уругвайлық Ариэль Бехар мен эквадорлық Гонсало Эскобармен күш сынасты.

Голубев пен Недовесов жарысқа арнайы шақыртумен келсе, қарсыластары турнирдің үшінші ракеткалары еді.

Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке дейін жетті. Онда қазақстандық жұп жеңіске жетті – 7:6 (7:4).

Екінші сетте угугвайлық-эквадорлық жұп брейк жасап, алға шықты – 2:1. Қазақстандықтар қарсыласып баққанымен, олар дегеніне жетті – 7:5. Содан кейін Бехар мен Эскобар 10:8 есебімен матчты түйіндеді.

Бәсеке екі сағатқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубев пен А.Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Кейін олар Прагадағы жарыстың финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар