21:58, 06 Қараша 2021 | GMT +5
Теннис: Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сайысында Германиямен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Прага қаласында әйелдер құрамалары арасында 2022 жылы өтетін Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайыстарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміз құрамасы Нұр-Сұлтанда Германиямен кездеседі.
Матч 2022 жылы елордада 15-16 сәуірде өтеді. Егер қазақстандық қыздар жеңген жағдайда алғаш рет финалдық кезеңге жолдама алып, бас жүлдені сарапқа салатын болады.
Қазақстан құрамасы осы іріктеу сайысына биылғы сәуірде Аргентина теннисшілерін 3:2 есебімен жеңгеннен кейін өткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.