Теннис: Қазақстандық Колумбиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Г.Ломакин украиналық Олег Приходькомен бірге жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялық Николас Баррьентос – мексикалық Мигель Анхел Рейес Вареламен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.
Осылайша Г.Ломакин өз спорттық жолында екінші рет челленджер турнирінің финалына шықты.
Ломакин мен Приходько шешуші бәсекеде венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен бас жүлде үшін таласады.
Финал елорда уақытымен сағат 00.00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Испанияда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.
А.Недовесов Марбелья жарысында пәкстандық Айсам Курешимен бірге финалға шыға алмады. Олар жартылай финалда чехиялық Роман Жебавы – аустриялық Филипп Освальдқа есе жіберді – 4:6, 3:6.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева Польша өкілі Вероника Фалковскамен бірге Тунистегі W15 додасында жартылай финалда франциялықтар Ясмин Мансури – Нина Радовановичтен аса алмады – 3:6, 6:7 (5:7).