Теннис: Кукушкин Дубай турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Әлемнің 96-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 217-орында тұрған франциялық Максим Жанвьемен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басымдылық көрсетсе, екіншісінде М.Жанвье есе қайырды – 6:2.
Үшінші, шешуші сетте М.Кукушкин айқын басымдылық көрсетті – 6:1.
Бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды.
М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 162-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиноны жеңсе, негізгі турнирге өтеді.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик осы Дубай додасының алғашқы айналымында рейтингте 59-сатыдағы жапониялық Есихото Нисиокамен күш сынасады. Дәл осы теннисшіні А.Бублик жуырда Сингапур жарысында ұтқан болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Д.Евсеев бүгін ресейлік Константин Кравчукпен бірге финалда тартысты бәсекеде нидерландылықтар Сэм Вербик– Йеспер де Йонгке 1:6, 6:3, 5:10 есебімен есе жіберді.