Теннис: Кукушкин Рим жарысының іріктеу сайысын жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин Рим ATP турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 90-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін рейтингте 184-орында тұрған швециялық Элиас Имермен өткізді.
Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда швециялық спортшының жолы болды - 7:6 (7:3).
Екінші және шешуші үшінші сетте М.Кукушкин ұтылып жатып, таразы басын аудара білді - 6:4, 7:5.
Тартысты бәсеке үш сағатқа созылды.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін рейтингте 112-сатыдағы жапониялық Таро Дэниелмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Рим турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.