08:30, 31 Тамыз 2017 | GMT +5
Теннис: Кукушкин US Open турнирінің үшінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың ашық чемпионатын сәтті өткізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 103-інші орында тұрған, осы біріншілікке іріктеу турнирі арқылы өткен М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 99-ыншы ракеткасы, ресейлік Евгений Донскоймен кездесті. Қазақстандық спортшы 2 сағат 28 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4, 7.5 есебімен үш партияда жеңіске жетті.
Үшінші айналымда М.Кукушкин осы біріншілікте 16-ыншы болып тіркелген франциялық Люка Пуимен кездеседі.
Михаил алғашқы кездесуінде әлемнің 25-інші, аталмыш жарыстың 21-інші ракеткасы, испаниялық Давид Феррерді тізе бүктірген болатын.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы бәсекеде бірінші кездесуінде ресейлік Софья Жукті ұтқан қазақстандық Юлия Путинцева енді осы турнирдің 10-ыншы ракеткасы, поляк қызы Агнешка Радваньскамен шеберлік байқасады.