Теннис: Құламбаева мен Ломакин Шымкент турнирінде озық шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында ерлер мен әйелдер арасында теннистен ITF турнирі мәреге жетті.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин жұптық сында үздік өнер көрсетті.

Ж.Құламбаева поляк қызы Марта Кубкамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Рейнгольд - Екатерина Шалимованы 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Өкінішке қарай, жекелей сында Ж.Құламбаева соңғы бәсекеде ресейлік Валерия Оляновскаяға жол берді - 5:7, 4:6.

Г.Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге финалда қазақстандық Бейбіт Жукаев пен тағы бір ресейлік Марат Шариповты 7:5, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Г.Ломакин биылғы маусымда үшінші, спорттық жолындағы оныншы титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шыққанын, Алматыда өтетін жарыста қазақстандықтардың қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар