Теннис: Недовесов Анталия турнирінің финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия 2 челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалда бразилиялықтар Рафаэль Матос – Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездесті.
Бірінші партияда бразилиялық жұп басымдылық танытты – 6:3.
Есесіне екінші сетте А.Недовесов пен Д.Молчанов 7:5 есебімен есе қайырды. Сосын тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.
Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды.
А.Недовесов пен Д.Молчанов финалда америкалықтар Роберт Гэллоуэй – Алекс Лоусонмен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Анталия турнирінің жартылай финалына шыққанын, А.Бубликтің Мельбурн жарысының ширек финалына өте алмағанын, Е.Рыбакина мен Ю.Путинцеваның ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бүгін Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды.