Теннис: Недовесов жұптық сында Словакиядағы турнирдің 1/2 финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда испаниялық Серхио Мартос Гомес – үндістандық Рамкумар Раманатанмен шеберлік байқасты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Недовесов пен Молчанов бәсеке барысында 3 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

А.Недовесов – Д.Молчанов финалға шығу үшін үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами – Дивиж Шаранмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Уругвайдағы турнирдің екінші айналымына шыққанын, қазақстандық жасөспірімдердің Азия рейтингісінде көш бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар