Теннис: Президент кубогында Денис Евсеев финалға жолдама алды

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 357-орында тұрған 22 жастағы түркиялық Янки Эрельмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Денис 3:1 есебімен алға кеткенімен, түркиялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен есеп 4:4 болған мезетте Евсеев тағы бір брейк жасап, сетті аяқтады – 6:4.
Екінші сет барысында қазақстандық спортшы екі рет брейк жасап, есепті 5:2-ге жеткізді. Бірақ матчқа доп бергенде, нүкте қоя алмады. Тек екінші мүмкіндігін пайдалана алды – 6:4.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Евсеев 4 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді. Қарсыласы 3 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, қазақстандық спортшы Президент кубогы үшін додада екінші рет финалға жолдама алды.
Денис Евсеев бас жүлде үшін рейтингте 550-сатыдағы өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен таласады. Ол әлемнің 570-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскийді оңай ұтты – 6:3, 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Денис Евсеевтің жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Президент кубогында Михаил Кукушкин жартылай финалдан тыс қалды.