Теннис: Путинцева Брисбенде негізгі турнирге жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен (Аустралия) WTA турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.

Іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 18 жастағы қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Бәсеке 1 сағат 34 минутқа созылды.

Осылайша Ю.Путинцева негізгі турнирге (жүлде қоры – 1,5 млн АҚШ доллары) жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Гонконг турнирінің чемпионы атанғанын, Юлия Путинцеваның Брисбенде іріктеу сайыстарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Бүгін жаңартылған рейтингте Ю.Путинцева 34-тен 32-ге, Елена Рыбакина 37-ден 36-ға, Зарина Дияс 77-ден 75-орынға көтерілді.





Соңғы жаңалықтар