Теннис: Путинцева Истбурн турнирінің екінші айналымына шықты
Ю.Путинцева бастапқы кездесуін әлемнің 34-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен өткізді.
Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:0 есебімен жеңіп жатқан мезгілде америкалық спортшы матчты жалғастырудан бас тартты.
Ю.Путинцева жүлде қоры 1 млн АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың екінші айналымында әлемнің 4-ракеткасы, Нидерланды елінің өкілі Кики Бертенспен кортқа шығады.
Ерлер арасындағы Истбурн турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин бақ сынады. Әйтсе де ол алғашқы кездесуінде-ақ рейтингте 79-орындағы америкалық Сэм Куэрриден 3:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың Истбурн турниріндегі қарсыластары белгілі болғанын, Юлия Путинцеваның рейтингте үздік 40 теннисшінің қатарына қайта енгенін жазған болатынбыз.