Теннис: Воскобоева жұптық сында Юрмала турнирінің финалына шықты

Турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-латвиялық жұп жартылай финалда румыниялық Ирина Мария Барэ мен словениялық Далила Якуповичпен кездесті.
Бірінші партия барысында румыниялық-словениялық жұп есеп 5:4 болған мезетте сетке доп бергенімен, мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Тай-брейкте Воскобоева мен Остапенко айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:1).
Екінші сетте қазақстандық-латвиялық жұп есеп 2:2 болғаннан кейін қос бірдей брейк жасап, қарсыластарына дес берген жоқ – 6:2.
Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды.
Воскобоева мен Остапенко финалда канадалық Шэрон Фичмен мен сербиялық Нина Стояновичпен бас жүлдені сарапқа салады.
Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов жекелей сында Дения (Испания) ITF турнирінің финалына шықты. Ол соңғы бәсекеде испаниялық Карлос Алкарас Гарфиямен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Г.Воскобоева мен Е.Остапенконың Юрмала турнирінің жартылай финалына шыққанын, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің Прага жарысының финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.