Теннис: Воскобоева жұптық сында Юрмала турнирінің финалында жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева латвиялық Елена Остапенкомен бірге Юрмала (Латвия) WTA турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-латвиялық жұп финалда канадалық Шэрон Фичмен мен сербиялық Нина Стояновичпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Воскобоева мен Остапенко басым түсті - 6:2.

Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкке ұласты. Ол қарсыластарының пайдасына шешілді - 7:6 (7:1). Содан кейін де Фичмен мен Стоянович қарқынын бәсеңдетпей, матчты жеңіспен түйіндеді - 10:6.

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Дения (Испания) ITF турнирінің финалында корт иесі Карлос Алкарас Гарфиядан жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Г. Воскобоеваның Юрмала турнирінің финалына шыққанын, қазақстандықтар Александр Бублик пен Зарина Диястың Вашингтон жарысына қатысатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар