Теннис: Воскобоева жұптық сында Юрмала турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық-латвиялық жұп алдымен германиялық Вивиан Хайзен мен латвиялық Диана Марцинкевичті тартысты матчта 5:7, 6:0, 10:8 есебімен ұтты.
Остапенко мен Воскобоева ширек финалда ресейліктер Анастасия Потапова мен Яна Сизиковамен кездесті.
Қазақстандық-латвиялық жұп бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте брейкпен 2:1 есебімен алға шықты. Сосын 4:1-ге жеткізді. Қарсыластары бір брейкпен жауап қайырғанымен, одан кейін Воскобоева мен Остапенко дес берген жоқ – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.
А.Потапова осының алдында жекелей сында румыниялық, бұдан бұрын Бухарест жарысының финалына дейін жетіп, қазақстандық Елена Рыбакинаға жол берген Патриция Мария Тигті 6:4, 0:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Оған іле-шала жұптық сында өнер көрсету оңайға түспесе керек.
Г.Воскобоева мен Е.Остапенко финалға шығу үшін румыниялық Ирина Мария Барэ мен словениялық Далила Якупович немесе Польша елінің өкілі Катажина Кава мен үндістандық Анкита Райна жұбының қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Юрмала турнирінің ширек финалына шыға алмағанын, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің Прагада финалға өткенін жазған болатынбыз.