Теннис: Ярослава Шведова Әбу-Даби турнирінің екінші айналымына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Ярослава Шведова Әбу-Даби WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарақатына және сәбилі болуына байланысты Я.Шведова үш жарымдай жыл ойнамаған еді.

Өткен жылы кортқа қайта оралып, Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болған Ярослава Әбу-Даби жарысының алғашқы айналымында рейтингте 318-орында тұрған италиялық Бьянка Туратимен шеберлік байқасты.

Б.Турати 23-те болса, Я.Шведова одан тура он жасқа үлкен еді.

Негізгі додаға іріктеу сайысының жеңімпазы ретінде қосылған Б.Туратидің бірінші партияда басымдылығы айқын байқалды – 6:1.

Италиялық теннисші екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте брейк жасай алды. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды.

Бұған дейін Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина осы турнирдің алғашқы айналымында италиялық қарсыластарынан басым түскен еді. Я.Шведова олардың жеңісті жолын жалғастыра алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Әбу-Даби турнирін жеңіспен бастағанын, Зарина Диястың ұтылып қалғанын, Елена Рыбакинаның екінші айналымға шыққанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар