Теннисші Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған доданың 13-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші беташар кездесуін рейтингте 85-орында тұрған италиялық Мартина Тревизанмен өткізді.

Бірінші сетте есеп 2:2 болып тұрған мезетте италиялық спортшы доп берген тартысты геймде Юлия Путинцева брейк жасай алды. Содан кейін ол партияны тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

Екінші партияда бірден брейк жасаған қазақстандық спортшы 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры ол матчты жеңіспен аяқтады – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 65-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова немесе рейтингте 255-сатыдағы америкалық Джейми Лобтың біреуімен кортқа шығады.

Жүлде қоры 565 530 АҚШ долларына бағаланған Әбу-Даби жарысы 13 қаңтарда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Әбу-Даби турниріндегі қарсыластары белгілі болғанын, Александр Бубликтің жаңа маусымды Анталияда бастайтынын жазған едік.





Соңғы жаңалықтар