Теннис: Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 542-орында тұрған америкалық Эшлин Крюгермен кездесті.

Ю.Путинцева 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Юлия 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейктен (15 брейк-пойнт) аса алмады.

Ю.Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, рейтингте 58-сатыдағы бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған дода 17 наурызда мәреге жетеді.

Өткен жылы финалда Беларусь өкілі Виктория Азаренконы жеңген испаниялық теннисші Паула Бадоса үздік шыққан болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алғанын, Қазақстан – Германия матчы елордада өтетінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар