Теннис: Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингісінде үш ай бойы көш бастап келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чемпиондық кестеде 14 жасқа дейінгілер арасында үш ай бойы көш бастап келеді.

Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 445 ұпай бар.

Сондай-ақ қазақстандықтардан Дамир Жалғасбай 33-сатыда, ал Даниэль Тазабеков 111-орында тұр. Бұл елімізде болашағынан үлкен үміт күттіретін жас теннисшілердің өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жукаевтың Елорда турнирінің финалына дейін жеткенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар