Ресей теннисшісі Александр Шевченко Қазақстан атынан өнер көрсететін болды

АСТАНА. KAZINFORM – Теннисші Александр Шевченко Қазақстан атынан өнер көрсететінін мәлім етті.

александр шевченко
Фото: спортшының Instagram парақшасы

Қазақстан теннис федерациясы спортшының мәлімдемесін Instagram желісіндегі парақшасында ресми жариялады.

«Өз ойыныммен жанкүйерлер көңілінен шығамын деп үміттенемін және осы сәтті асыға күтемін. Бұл ел маған сенді, сондықтан осыны дәлелдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын» деді Александр Шевченко өз бейнежазбасында.

Бұған дейін Ресей атынан сынға түсіп келген 23 жастағы Александр Шевченко әлемдік АТР рейтингісінде қазіргі кезде 48-орында тұр.

Ол Александр Бубликтен кейін Қазақстанның екінші ракеткасы атанады.

Осыған дейін А.Шевченко АТР жарыстарында чемпион атана қойған жоқ.

Дегенмен өткен жылдың қараша айында Францияда Метц АТР 250 турнирінде финалға дейін жетіп, корт иесі Уго Умберге есе жіберді — 3:6, 3:6.

Бұл табыс оған әлемдік рейтингіде үздік елу теннисшінің қатарына енуге мүмкіндік берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Tennis Federation • Almaty Open (@ktf.kz)

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Беларусь теннисшісінің екінші жыл қатарынан чемпион атанғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар