Теннисші Аружан Сағындықова Үндістандағы жарыста қарсыласын ойсырата ұтты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 845-ракеткасы Аружан Сағындықова Нью-Дели (Үндістан) ITF W35 турнирінің екінші айналымына шықты.

аружан
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін үндістандық Рия Сачдевамен өткізді.

Бірінші партияда Аружан 6:2 есебімен басымдылық танытты.

А.Сағындықова екінші сетте қарқынын үдете түсті – 6:1.

Матч 1 сағат 4 минутта аяқталды. 

Аружан Сағындықованың келесі қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жаңа жылдағы бастапқы жарысын Гонконгтен бастайтынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар