Теннисші Андрей Голубев Мюнхен турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге ширек финалда сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен шеберлік байқасты.

Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық-франциялық жұп сол басымдығынан айырылған жоқ, есеп – 6:3.

А.Голубев пен Ф.Мартен екінші сетте де брейк жасап, алға шыққанымен, матчқа доп бергенде, сол мүмкіндікті пайдалана алмады, есеп – 5:5. Дегенмен, тағы бір брейк жасап, сосын матчты жеңіспен түйіндеді, есеп – 7:5.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық-франциялық жұп 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

А.Голубев пен Ф.Мартеннің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жекелей сында Рим челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол италиялық Джанмарко Морониге 0:6, 1:6 есебімен жол берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен қазақстандық теннисшінің Мюнхенде олимпиада чемпиондарын ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Александр Бублик «Мен – қазақпын» деп айтты.


Соңғы жаңалықтар