Теннисші Аружан Сағындықова алғаш рет US Open турниріне өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Аружан Сағындықова алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер турниріне өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннисші Аружан Сағындықова алғаш рет  US Open турниріне өтті

Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жасөспірімдер рейтингісінде 58-орында тұрған Аружан Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында америкалық Джульетта Парехамен (2062-ракетка) кездесті.

Аружан қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева (65-ракетка) шешуші бәсекеде Польша өкілі Вероника Эвальдқа (77-ракетка) супер тай-брейкте ғана есе жіберді - 6:4, 0:6, 7:10. Сөйтіп ол негізгі додаға өте алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилинаның үшінші айналымға шыққанын, Алматы турнирінің финалына шыққан теннисшілер анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды.