Теннисші Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-ден 39-орынға көтерілді.
Дмитрий Попко 194-інші, Михаил Кукушкин 204-інші (+8), Тимофей Скатов 211-інші, Денис Евсеев 338-орында тұр.
Елордадағы жарыстың финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев 473-тен бірден 447-ге жоғарылады. Бұл - Бейбіт үшін жеке рекордтық көрсеткіш.
Жұптық сында Андрей Голубев 43-інші, Александр Недовесов 62-інші, Григорий Ломакин 205-орынға жайғасты.
Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-ыншы, Зарина Дияс 243-сатыда тұр.
Жұптық сында Анна Данилина 19-орынға қайта оралса, Жібек Құламбаева 259-ыншы, Гөзал Айнитдинова 445-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жукаевтың елордадағы турнирдің финалына дейін жеткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді.