Теннисші Бейбіт Жукаев елорда турнирінің финалына дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Дәулет» теннис орталығында ITF World Tennis Tour M25 турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында 21 жастағы қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев ресейлік Алибек Качмазовпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бейбіт үш сағатқа созылған матчта 3:6, 7:6 (7:5), 6:7 (4:7) есебімен есе жіберді.

Бәсеке барысында Жукаев 23 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Осы жарыстың финалына дейін жетуінің арқасында Ақтау теннис мектебінің түлегі дүниежүзілік рейтингте 597-орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар