Теннисші Новак Джокович 21 рет Үлкен дулыға турнирінің чемпионы атанды

Осыған дейін «Үлкен дулыға» жарысында 20 рет жеңімпаз атанған атақты сербиялық спортшы финалда әлемнің 40-ракеткасы, аустралиялық Ник Кирьоспен шеберлік байқасты.
Соңғы бәсекеде Н.Джокович «Үлкен дулыға» турнирін 22 рет ұтқан испаниялық Рафаэль Надальмен кездесуі әбден мүмкін еді. Алайда жарақат алған Р.Надаль жартылай финалға қатыса алмады. Сөйтіп, Н.Кирьос ойнамастан алғаш рет Уимблдон финалына жолдама алды.
Финалда бірінші партияда аустралиялық спортшы басымдылық танытты – 6:4. Бірақ содан кейін Н.Джокович дес бермеді – 6:3, 6:4, 7:6 (7:3).
Осылайша, «Үлкен дулыға» турнирінің 32 рет финалында өнер көрсеткен Н.Джокович 21-інші, соның ішінде Уимблдондағы жетінші титулына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина барша жанкүйерлеріне алғысын жеткізді .
13 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы Париждегі турнирдің финалисі атанды .