Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 156-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салды.

Т.Скатов 7:5, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағаттан астам уақытқа созылды.

Т.Скатов кездесу барысында 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина Чехиядағы турнирдің финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Сан-Диего турнирінде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасымен ойнайды.