Теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің финалында ұтылып қалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жекелей сында Алматы ITF W25 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 484-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы Жібек Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 618-орында тұрған ресейлік Екатерина Маклаковамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда ресейлік спортшы басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде Жібек артығымен есе қайырды – 6:1. Алайда үшінші, шешуші сетте Е.Маклакова жеңісті жұлып әкетті – 6:4.

Осылайша, Ж.Құламбаева жарыстың абсолютті чемпионы атана алмады. Ол кеше ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жұптық сында жеңімпаз болған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилинаның үшінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды.

Теннисші Аружан Сағындықова алғаш рет US Open турниріне өтті.






Соңғы жаңалықтар