Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу сатысында Польшамен ойнайды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, әйелдер құрамасы іріктеу сатысында Польшамен ойнайды.
Польшамен матч 2023 жылдың 14-15 сәуір күндері Қазақстанда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады.
Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттік форматта өтеді.
Биыл командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық қыздар С тобында Ұлыбританияны 2:1 есебімен жеңіп, Испаниядан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Польша құрамасы да АҚШ пен Чехияға 1:2 есебімен жол беріп, өз тобынан шыға алмады. Алайда, Польша сапында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек болған жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын атақты теннисші Билли Джин Кингтің Қазақстан құрамасымен кездескенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, қазақстандық жас теннисшілер Өскемендегі турнирде табысты өнер көрсетті.
Қазақстандық теннисші Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанды.