Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер А тобында қытайлық Тайбэй мен Жаңа Зеландияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан – Тайбэй – 2:0.
Ева Корышева – Лин Ю Чен 7:5, 6:0;
Еркежан Жаңатаева – Джи Хан 6:1, 3:6, 6:3.
Қазақстан – Жаңа Зеландия – 2:0.
Ева Корышева – Яшвитта Тумалла 6:1, 4:6, 6:3;
Сәбина Шухратова – Уна Мисич 6:1, 3:6, 6:2.
Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы осы топтың бірінші ракеткасы болып тіркелген Аустралия командасымен кездеседі. Сол матчта қай команданың ¼ финалға бірінші орынмен шығатыны белгілі болады. Қос құрама да плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.