Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кучингте (Малайзия) 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, А тобындағы соңғы матчта қазақстандықтар Аустралияға 0:2 есебімен есе жіберді.

Сөйтіп мұның алдында қытайлық Тайбэй мен Жаңа Зеландияны тізе бүктірген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тобынан ширек финалға екінші орынмен шықты. Олар 23 наурызда мықты саналатын Үндістан командасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының іріктеу кезеңінде плей-офф кезеңіне шыққанын, сондай-ақ Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек Майами мастерс турниріне қатыспайды.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum