Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалында Тайбэймен ойнайды

Қазақстан жасөспірімдері В тобында соңғы ойында Азиядағы мықты құрамалардың бірі – Жапониямен шеберлік байқасты. Бұлардың екеуі де күні бұрын ширек финалға жолдама алған-ды.
Қазақстандықтар тартысты матчта 0:2 есебімен есе жіберді. Ариана Гогулина 2,5 сағатқа созылған бәсекеде Ямомото Хикариге жол берді – 6:3, 5:7, 3:6.
Полина Слепцова Шихо Тцуджиокиден ұтылды – 6:7 (5:7), 4:6. Бірінші партияда Полина 2:5 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте сәттілік жетіспеді.
Осылайша, жеребе қорытындысына сәйкес Ярослава Шведованың шәкірттері ширек финалда қытайлық Тайбэй құрамасымен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Александр Бублик Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты.