Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласында Belline Arena ұлттық теннис орталығында Asia/Oceania Final Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирінің алғашқы күні мәресіне жетті.

теннис жасөспірімдер
Фото: ҚТФ

Қазақстандық жасөспірім қыздар бастапқы кездесуінде Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Алдымен Альбина Кәкенова Нгуенге еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1, 6:1. Содан кейін Ариана Гогулина Вуды тізерлетті – 6:1, 6:2.

Жұптық бәсекеде А.Кәкенова Ева Корышевамен бірге Ву – Квангқа бір ғана гейм берді – 6:0, 6:1.
А тобында Қазақстан бірінші, Жапония екінші орында келеді. Қос командада үш ұпайдан бар.

Бүгін Ярослава Шведованың шәкірттері жапониялық қыздарға есе жіберген Индонезиямен ойнайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шымкент қаласында жасөспірімдер әлем чемпионатына іріктеу турнирі басталғанын жазған болатынбыз

Тимофей Скатов Тунисте негізгі турнирге жолдама алды.

Дмитрий Попко Португалияда негізгі жарысқа шықты. 

Соңғы жаңалықтар