Теннистен ӘЧ: Қазақстанмен матчта Испания алға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем біріншілігі – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан бес дүркін әлем чемпионы Испания құрамасымен кездесіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кортқа алғашқы болып өз командаларының екінші ракеткалары, бұған дейін өзара жолдары тоқайласпаған Юлия Путинцева мен Нурия Парризас Диас шықты.

Ю.Путинцева әлемнің 51-ракеткасы болса, испаниялық теннисші 72-сатыда еді.

Ұлыбританиямен матчтағыдай, бірінші партияда Юлияның ойыны жүрмей, қарсыласы 4:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Путинцева есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 4:6.

Екінші сетте есесіне қазақстандық теннисші брейк жасап, басымдылыққа ие болды – 3:1. Сосын сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Үшінші, шешуші партияны Юлия сәтті бастады – 2:0. Алайда бұдан кейін қарсыласы күш алып кетті. Ол екі мәрте брейк жасап, өзі алға шықты. Диас матчқа доп бергенде, Путинцева таразы басын теңестірді – 5:5. Ақыры тай-брейкте испаниялық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:5).

Осылайша, Испания 1:0 есебімен алға шықты.

Екінші ойында Қазақстан мен Испанияның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Паула Бадоса шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстанның Испания құрамасымен кортқа шығатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар