Теннистен әлем чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан Жапониямен ойнайды

Теннистен Билли Джин Кинг кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

теннис
Фото: pixabay.com

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды.

Матч алдағы жылы 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өз тарихында екінші рет бақ сынаған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Испаниядағы турнирдің финалынан тыс қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар