Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы АҚШ командасына жол берді

Матчта екінші кездесуде қос құраманың бірінші ракеткалары Тэйлор Фритц пен Александр Бублик ойнады.
Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық теннисші есеп 5:4 болған мезетте сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Содан кейін тай-брейкте Тэйлор табандылық танытты - 7:6 (8:6).
Екінші сетте Бублик айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Алайда үшінші, шешуші партияда америкалық спортшы жеңісті жұлып алды - 6:3.
Осылайша, АҚШ құрамасы 2:0 есебімен алға кетіп, жеңіске жетті. Енді жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.
Сөйтіп, екі матчта ұтылған қазақстандықтар ширек финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасының екінші матчын өткізетінін жазған болатынбыз .
Сондай-ақ Қазақстанмен матчта АҚШ құрамасы алға шықты .