Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан – Нидерланд матчында Михаил Кукушкин есе жіберді

Кортқа бірінші болып Нидерландтан әлемнің 48-ракеткасы Таллон Грикспур, Қазақстаннан дүниежүзілік рейтингте 221-орында тұрған Михаил Кукушкин шықты.
Бірінші партияда нидерландық теннисші екі брейк жасап, дес бермеді – 6:1.
Т.Грикспур екінші сетте де алға кетті – 2:0. М.Кукушкин есепті теңестіре алды.
Содан кейін 20 минуттан астам уақытқа созылған жетінші геймде өз пайдасына жаза білді – 4:3. Сосын өзі брейк жасап, партияны жеңіспен тәмамдады – 6:3.
Үшінші, шешуші партияны нидерландық спортшы сәтті бастады – 3:0. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:3. Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Осылайша, Нидерланд 1:0 есебімен алға шықты.
Бұдан кейін әлемнің 35-ракеткасы Ботик ван де Зандсхулп пен рейтингте 44-сатыдағы Александр Бублик өзара мықтыны анықтайды.
Бұл кездесуде Бублик жеңбесе, матч Нидерландтың пайдасына шешіледі.
D тобында сондай-ақ АҚШ және Ұлыбритания командалары бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Қазақстанның Нидерланд командасымен кездесетінін, қазақстандық теннисшінің Ыстанбұл турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Словениядағы жарысты жеңіспен бастады.