Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстанмен матчта АҚШ құрамасы алға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шотландияның Глазго қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогының топтық бәсекесінде Қазақстан АҚШ құрамасымен кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кортқа бірінші болып әлемнің 29-ракеткасы Томми Пол мен дүниежүзілік рейтингте 221-орында тұрған Михаил Кукушкин шықты.

Америкалық теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 27 минутқа созылған бәсеке барысында Т.Пол 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. М.Кукушкин 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша, АҚШ құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасының екінші матчын өткізетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар