Теннистен Мадрид турнирі: Михаил Кукушкин екінші айналымға шықты
МАДРИД. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 143-ракеткасы Михаил Кукушкин Мадрид (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 134-орында тұрған америкалық Николас Морено Де Альборанмен сәтті өткізді.
Бірінші партияда америкалық спортшы екі, қазақстандық теннисші үш брейк жасап, сет Кукушкиннің есебіне жазылды - 6:4.
Екіншісінде есеп 2:2 болған мезетте Михаил брейкке қол жеткізіп, ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:4.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Кукушкин 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Альборан 4 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин ширек финалға өту үшін әлемнің 182-ракеткасы, германиялық Рудольф Моллекер немесе рейтингіде 229-сатыдағы доминикандық Ник Хардттың қай жеңгенімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 186-ракеткасы Денис Евсеев алғашқы айналымда рейтингіде 124-орындағы аустриялық Юрий Родионовтан өте алмады – 3:6, 6:2, 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші Албанияда өткен жарыста абсолютті жеңімпаз атанды.