Теннистен Майами турнирі: Дмитрий Попко іріктеу сайысының финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 175-ракеткасы Дмитрий Попко Майами мастерс турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 116-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейромен шеберлік байқасты.

Д.Попко іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы болып тіркелген қарсыласын 6:4, 4:6, 6:4 есебімен ұтты.

Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған матч барысында ол 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Т.Монтейро 4 эйс, 4 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.

Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 167-ракеткасы, америкалық Джеффри Джон Волфпен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкиннің іріктеу сайыстарының финалындағы бәсекелесі – жапониялық Шинтаро Мочизуки.

Д.Попко мен М.Кукушкин қарсыластарын ұтса, 23 наурыз – 3 сәуір аралығында өтетін негізгі турнирге жолдама алады.

Майами мастерс турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик те өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.


Соңғы жаңалықтар