Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 243-орында тұрған 18 жастағы германиялық Настасья-Мариана Шункпен кездесті.

Ю.Путинцева 4:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 27 жастағы спортшы екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 20 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 33-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын ірі дода 3 сәуірде мәреге жетеді.

Турнирдің өткен жылғы чемпионы, әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти спорттық жолының аяқталғанын мәлім етіп, жарысқа қатысудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Майамиде негізгі жарысқа жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Ал Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалында америкалық Джеффри Джон Волфтан 4:6, 4:6 есебімен ұтылып, негізгі турнирге шыға алмай қалды.


Соңғы жаңалықтар