Теннистен жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінде қазақстандықтар үшінші орынға ие болды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші орын үшін бәсекеде Таиландпен сынға түсті.

Бірінші ұнайды Дамир Жалғасбай әперді. Жас қазақстандық теннисші бірінші партияда 2:6 есебімен есе жіберді.

Есесіне екінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын өзіне аудара білді.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:5 болған мезетте таиландтық теннисшінің екі матчболын пайдалануына мүмкіндік берген жоқ. Сосын тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды - 7:5.

Бұдан кейін Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Есеп 2:0, Қазақстанның пайдасында.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет биыл күзде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады.

«Team Kazakhstan» академиясының директоры Тимур Аққазиев 14 жасқа дейінгілер арасындағы құрама капитаны Сергей Квактың өз шәкірттерін тәжірибесімен жеңіске жетелей білгендігін атап өтті.



Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Шымкент турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар