«Теңіз» кен орнында дабыл жүйесі қосылып, қызметкерлер эвакуацияланды – «Теңізшевройл»

АТЫРАУ. KAZINFORM – «Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында дабыл жүйесі іске қосылғанын растады.

«Теңіз» кен орнында дабыл жүйесі қосылып, қызметкерлер эвакуацияланды – «Теңізшевройл»
Фото: «Теңізшевройл» ЖШС

Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа қарағанда, оқиға 8 наурызда болған. 

— «Теңізшевройл» (ТШО) 2025 жылғы 8 наурызда «Теңіздегі» нысандарының бірінде дабыл жүйесінің қосылуына байланысты барлық қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стандартты хаттамаға сәйкес эвакуация жүргізілгенін растайды. Жұмыс орнының қауіпсіз екендігі расталғаннан кейін қызметкерлер өз жұмыс орындарына оралды. Бұл оқиғаның әсері екі қызметкерге тиді. Медициналық тексеруден кейін олардың жағдайы тұрақтанды, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Алайда компанияның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын нақтыламады. Ал телеграм арналардың бірінде хабарланғандай, сепаратордың фланецті қосылысынан құрамында күкіртсутегі бар газ шыққан. Соның салдарынан ТШО-ның мердігер компаниясының 2 қызметкері уланған. Олар алдымен кен орнындағы клинакада тексеріліп, кейін Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізілген. 

— Қазір ТШО-ның өндірістік қызметі үздіксіз жалғасып жатыр, — деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Теңіз» кен орнында күкірттен уланған 2 адамның біреуі ауруханада жатқанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар