Теңіз кенішін кеңейту Қазақстанның экономикалық өсімін жеделдетеді — АДБ
АСТАНА.KAZINFORM — Азия Даму Банкінің (АДБ) 2024 жылға дейінгі Азиялық даму болжамына сәйкес, Теңіз кен орнын кеңейту жобасының 2025 жылы аяқталуы орта мерзімді перспективада Қазақстан экономикасының айтарлықтай өсуіне ықпал етуі тиіс.

—Қазақстанның өсу перспективалары өзгеріссіз қалады. 2024 жылдың бірінші тоқсанында экономика негізінен құрылыс, өндіріс және қызмет көрсету есебінен 3,7% — ға өсті. Биылғы жылы құрылыс пен өндіріс экономикалық өсудің негізгі драйверлері болып қала береді. Үкіметтің зардап шеккендерге көмегі және соңғы 30 жылдағы ең ауыр су тасқынынан кейін бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру (соңғы 80 жылда, ҚР Үкіметінің деректері бойынша — шамамен. ред.) құрылыстың тұрақты өсуіне ықпал етеді, — делінген Asian Development Outlook-тің шілдедегі шолуында.
Сондай-ақ, «2025 жылдың екінші тоқсанында Теңіз кен орнын кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін тау-кен өндірісі Қазақстанның орта мерзімді өсуіне айтарлықтай үлес қосады» деп болжанды.
Естеріңізге сала кетейік, Азия даму банкі Қазақстан экономикасының 2024 жылға өсу болжамын 3,8% деңгейінде, ал 2025 жылға 5,3% деңгейінде сақтап қалды.
2024 жылдың басынан 31 мамырға дейін Теңізшевройлдан (ТШО) Қазақстан экономикасына тікелей төлемдер шамамен 5,3 млрд долларды құрады. Бұған дейін «Теңізшевройл» 1,5 миллиард доллармен «Шеврон» компаниясының еншілес компаниялары арасында дивидендтердің негізгі көзіне айналуы мүмкін екені хабарланған болатын.