Теракт жасауды мақсат еткен террористік топтың мүшелері ұсталды - ҰҚК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымды ұстанатын 5 адамды ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитетке сілтеме жасап.

Теракт жасауды мақсат еткен террористік топтың мүшелері ұсталды - ҰҚК

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.

«Оларға қатысты террористік топ құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік акті жасау мақсатында құрылған.

Тергеу жалғасуда.