Теректі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды - БҚО

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының қаулысымен 8 қазан күні Теректі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды.
None
None

 Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сот қаулысына сәйкес аталған тұлға Теректі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымымен бірге әкімшілік полиция бөлімінің және қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы лауазымдарын қатар атқара жүріп, мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған.

Биылғы қыркүйек айының соңында Теректі АІІБ бастығының орынбасары ағаш ұстасы қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерге заңсыз түрде кесілген ағаш материалдарының саудасымен айналысқан және осыған байланысты салық төлемеген деген қоқан-лоққы көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартатынын айтып, үш күн ішінде 500 мың теңге беруін талап еткен. Осы талапты орындаған жағдайда полиция өкілі кәсіпкерге аудан аумағында өз ісімен айналысуға қамқорлық көрсететінін айтқан.

 Тергеу органы ұсталған тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

 Сот іс материалдарын зерделеп, айыпталушыға қатысты екі айға дейін бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қанағаттандырды.

Соңғы жаңалықтар