Теректі ауданында белгілі ақын Қ.Жұмағалиевпен кездесу кеші болды

ОРАЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қыркүйектің 15-інде Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Үміт» тілдер гимназиясында ақын,
None
None

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевпен кездесу кеші болды.
Ақын кітабының атына байланысты «Күншуақ» деп аталған кеш шын мәнісінде де жайдары да жаймашуақ отырысқа айналды. Елу жеті жылдан кейін еліне оралған ақын бұл жолы да оқырмандарымен емен-жарқын жүздесіп, өлеңдерін оқып, өмір жолы туралы тартымды әңгімелер айтып берді. Әсіресе, оның «қырық жыл бойы колхоздың отымен кіріп, күлімен шықса да, жалғыз ұлын осы күнге жеткізген» анаға деген махаббаты, сағынышы оқушыларға ерекше әсер етті. Бүгінде сол жалғыз ұл мәуелі бәйтерекке айналып отыр. Жақында дүниеге жеті перзент әкеліп, тәрбиелегені үшін ақын жары София «Алтын алқа» иегері атанды.

Кеште сондай-ақ белгілі айтыс ақыны, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайсағали Сейтақ өз жырларын көпшілікке ұсынса, гимназия директоры Дариға Мұштанова, аудан әкімі Арман Өтеғұлов Қайрат Жұмағалиевке алғысын айтып, ізгі тілектерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар