Теректі ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болды - БҚО

ОРАЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат -  Теректі ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жыл басынан бері үшінші  рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге бұл жолы 12 мекеме ұсыныс білдіріп, 50 бос жұмыс орны ұсынылды.
None
None

Негізінен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ аудандық мәдениет және спорт бөлімі мен «КМТ Сити-Строй» ЖШС өздеріне қажетті мамандарды іздеуде. Жұмыс берушілер арасында Новопавлов және Подстепный ауылдық округі әкімдігінің аппараты да бар.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Арайлым Тасенованың айтуынша, жыл басынан бері аталған бөлімге 1328 адам жолығып, оның ішінде 734 адам тұрақты жұмысқа, 52-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 52 адам кәсіби оқуға жіберілген. Оның сыртында 875 адам ақылы қоғамдық жұмысқа (көше тазалау, гүлзарларды қарау, т.б.) жолданып отыр.

Осыған дейін ұйымдастырылған екі жәрмеңкеде 36 азамат жұмысқа орналасқан.

Соңғы жаңалықтар